Кезектен
тыс президент сайлауын өткізу туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасы -
азаматтарымыздың бірлігінің белгісі. Жаһандық экономикалық тұрақсыздық
қарсаңында мерзімінен бұрын сайлау өткізу - қазақстандықтардың азаматтық
жауапкершілігінің жоғарылығын айқындайды. Бүгін «Тұтынушылардың ұлттық лигасы» Ассамблеяның бастамасын қолдап, отандастарымызды бір болуға үндеді.
Светлана
Романовская, «Тұтынушылардың ұлттық лигасы» РҚБ басқармасының төрайымы:
«Берекені көктен емес, халықтың
бірілігінен табасыңдар» деген даналық бар. Сайлау жөнінде
халық сұрап отыр. Дана халықтың қалауы осы. Сондықтан «Тұтынушылар
ұлттық лигасының»
атынан, барша азаматтарды Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын қолдауға
үндеймін.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ