Нұрсұлтан
Назарбаев Ақордада Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай
Патрушевты қабылдады. Президенттің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойыншы,
кездесу барысында қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтық жайы
талқыланған. Сонымен қатар күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер де сөз болды.
Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдай, Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы ахуалға
байланысты жаңа сын-қатерлерді де тараптар айналып өтпеді.
Айта өтейік,
Патрушев елімізге Қазақстан мен Ресейдің Қауіпсіздік Кеңестері аппараттарының
арасындағы жоспарлы консультацияға қатысуға келді.
Николай
Патрушев, Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы:
Біз
қауіпсіздікке байланысты бірқатар сұрақтарды көтердік. Украинадағы жағдай да
сөз болды. Біз Украинада бейбіт күн орнап, ел территориялық тұтастығын сақтап
қалады деген сенімдеміз. Минскте қол жеткізілген келіссөздер орындалғанын
қалаймыз.