Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды хайуанаттар бағында сирек жолбарыс күшіктеді

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2015
  • 1190

Қарағанды хайуанаттар бағы 15 жыл бойы күшіктемеген Мая есімді таутанның, яғни ұрғашы барыстың екі шөнжігін көпшілікке көрсетті. Екі бірдей амур барысы жаңа жыл қарсаңында дүниеге келген. Бірақ хайуанаттар бағының қызметкерлері сирек хайуанның күшіктері ширағанша, ешкімге көрсетпеген.

Екі айлық шөнжіктер тор үйшікке бой үйреткенмен, тағының аты тағы: адамдарға үрке қарайды. Жолбарыстың сирек түрінен екі бірдей төл алу - Қарағанды зообағы үшін үлкен олжа. Сондықтан олар төлдерді балаша күтіп жүр. Бақтағы күтушілер төлдердің еркек, ұрғашысын әзір анықтай алмай отыр. Екеуі бір жынысты болса, біреуін басқа бақтың хайуанына айырбастамақ. 

Светлана Пилюк, Қарағанды хайуанаттар бағы директорының орынбасары:

Әрине, олар әлі қорқақ. Жарыққа шыға қоймайды. Адамға үйренуі үшін біраз уақыт керек. Бірақ кішкентай, сүйкімді жолбарыстарды бір көрудің өзі - керемет.

Жалпы амур жолбарыстары Ресейдің оңтүстік шығысын мекендейді. Жыртқыштың бұл түрі аңшылардың кесірінен 20 ғасырдың 40 жылдары жоғалудың аз-ақ алдында қалған еді. Популяцияны қорғау шараларының арқасында бүгінде әлемде оның 5 жүзге жуығы тіршілік етеді.

Айжан ҚУАШ