2015-2017 жылдарға
арналған республикалық бюджетте ауылшаруашылығын несиелендіруге қосымша 20 млрд
теңге қаралып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің
мүшесі Ұласбек Сәдібеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте
мәлімдеді.
Айтуынша, саланы дамытуға «Агробизнес - 2020» бағдарламасы бойынша 3
трлн теңге қаралған. Мұнан бөлек, қаржылық сауықтыру мақсатында 500 млрд теңге
бөлінгелі отыр. Депутаттың сөзіне қарағанда, субсидиялау саласында әлі де
атқарылар шаруалар баршылық.
Ұласбек Сәдібеков,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Еуразиялық Одаққа
біріккен мемлекеттерде осы ауыл шаруашылығы тауар өндіретін ұйымдарға
субсидиялау деңгейі бізге қарағанда жоғары екенін білеміз. Бірінші кезекте осы
субсидия мәселесін Ресей, Белоруссия сияқты... субсидиялау мәселесін
теңестірсе, мен ойлаймын, бұл дұрыс болады.
Айгүл Әдепбай