Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетелдік сарапшы Марко Арцилли: «Бар күшті елдің әл-ауқатын көтеруге бағыттау керек»

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2015
  • 807

«Елдегі барлық күштерді даму мен халықты бір мақсаттың айналасына жұмылдыруға бағыттау қажет. Қазақстанда Президент сайлауын биыл өткізудің басты себептерінің бірі осы». Бұл Сан-Марино Республикасының өнеркәсіп және сауда бойынша мемлекеттік хатшысы Марко АРЦИЛИ-дің пікірі. Сан-Мариноны ғасырлар бойы Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды кеңес басқарып келген. Сондықтан бұл елдің өкілі, сайлау өткізу бастамасының мемлекет болашағы үшін маңызды екенін жақсы түсінеді.

Марко Арцилли, Сан – Марино Республикасының өнеркәсіп және сауда бойынша мемлекеттік хатшысы:

Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды маңызды ұйымның ұсынысына міндетті түрде құлақ асу керек. Ел басшысын таңдау аса маңызды қадам. Ал оны биыл өткізу керектігі көпшілікке түсінікті сияқты. Бұл шешімнің соңы жақсы аяқталатынына сенімдімін.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ