Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстанда адамдардың сібір жарасын жұқтыру дерегі расталды

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2015
  • 991

Қырғызстанда адамдардың сібір жарасын жұқтыру дерегі расталды. Диагноз зертханалық сараптама кезінде анықталған,- деп хабарлайды BNews.kz. Осы елдегі Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ақпанның басында Көк-Таш ауылының тұрғыны туыстары мен көршілеріне ауруға шалдыққан сиырдың етін таратқан.

Салдарынан, етті жеген 180 адамның 7-еуі ауруды жұқтырды,-деген күдікпен ауруханаға түсті. Дәрігерлер етте індеттің вирусы бар екенін анықтаған. Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпарына сәйкес, мал иесі 90 келі ет таратқан, қазір оның 23 келісі қайтарып алынды.

Ауруханаға түскен жеті адамның алғашқыда тек біреуінен ауру белгісі табылған. Соңынан тағы да 3 адамнан сібір жарасы диагнозы расталды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ