Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық банк ипотекалық борышкерлер мәселесін шешу жолдарын қарастыруда

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2015
  • 752

Ұлттық банк пен Үкімет ипотекалық несие мәселесінде қордаланып қалған сұрақтарды шешуге кіріспек. «Осы мақсатта банктерге 130 млдр теңге бөлінеді», - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі. «Бұл қаржы борышкерлердің ипотекасын өтеуге жұмсалмайды. Қаржы ипотекалық несиелер бойынша қызмет көрсету жағдайын жеңілдетуге бағытталады», - делінген хабарламада. Ұлттық банк бұл шараның 11 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент жүктеген міндеттерді орындау қадамы екенін түсіндірген. 


Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, мәселені шешудің тетіктерін әзірлеу мен негізгі критерийлерін айқындауды Ұлттық банк мүдделі мемлекеттік органдармен, «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығымен», банктермен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып жүзеге асырады. Борыштық жүктемені жеңілдетудің тетіктерін әзірлеу мәселесі бүгін Алматыда алғаш рет талқыланды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА



}