Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда тыйым салынған дәрілер шектеусіз сатылуда

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2015
  • 1338

Батыс Қазақстан облысында дәрігерлердің рұқсатымен ғана сатылуы тиіс дәрілер емін-еркін сатылып жатыр. Бұл туралы аймақтағы есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мәлімдеді. Ел аумағында құрамында есірткі тектес кадеині бар препараттарды оңды-солды сатуға тиым салынған.

Мұндай дәрілерді қолданған адамның көңіл-күйі нашарлап, өмір сүруге қызығушылығы азаяды. Тіпті кейбірін тұрақты пайдаланғаннан адам ғұмыры бір жылдан аспайды деп отыр. Сондықтан полицейлер бұл саланы бақылауға алып, берілер жазаны күшейту керектігін айтады.  

Андрей Хлевин, БҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы:

Қала мен облыс дәріханаларын тексеру барысында құрамында есірткі тектес заттар бар Тропикамид және Солпадеин секілді препараттардың еш шектеусіз сатылатынын анықтадық. Жиналған материалдар Әкімшілік кодекстің 426-бабы бойынша фармбақылау мекемесіне жіберілді. Пайданы көздеген фармацевттер министрліктің тыйымын аяқасты қылып, ештемеден тайынар емес.

Еркін КАРИН