Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша екпе тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2015
  • 928

Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша екпе тоқтатылды. Оған Теміртау мен Жаңаөзен қалаларында жағымсыз жағдайлардың тіркелуі себеп. «Екпені тоқтату туралы шешімді елдің бас санитары Жандарбек Бекшин қабылдады», - деп Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап жатыр.

Осы ақпаратқа сүйенсек, иммундау процесі наурыздың екісіне дейін тоқтатылды. Осы уақытқа дейін тергеу амалдары жүргізіліп, вакцинаға Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық экспертиза орталығы зерттеу жасамақ.

Айгүл ӘДЕПБАЙ