Русский Сайттың толық нұсқасы

Грекия еуроаймақтан алынған несие келісімі мерзімін жарты жылға созу туралы ресми өтінішін Брюсселге жолдады

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2015
  • 898

Грекия еуроаймақтан алынған несие келісімі мерзімін жарты жылға созу туралы ресми өтінішін Брюсселге жолдады. Бұл туралы грекиялық үкіметке сілтеме жасап Рейтерс агенттігі хабарлайды.

Ақпар бойынша, алдағы апталарда Афинада қаржылық жетіспеушілік орын алуы мүмкін. Айта кетейік, 28 ақпанда гректердің еуропалық несие берушілермен арадағы келісім мерзімі аяқталады.

Бұл өз ретінде ел билігін Еуроодақ елдерінен көмек сұрауға мәжбүрлеп отыр. Бұдан бұрын еуропалық орталық банк Грекияның қарызын есептемейтіндігін мәлімдеген болатын.

Борышты
«кешіруге» болмайтындығын Германия канцлері Ангела Меркель де айтқан. Әлеуметтік сауалнама жүргізу барысында Германия елінің тұрғындарының 48 пайызы Грекияның Ероаймақтан шығуын қалаған.

Еске салсақ, Грекияның қарызы бүгінде 320 миллиард еуроны құрайды.

Жұрағат БАМАН