Русский Сайттың толық нұсқасы

Бас редакторлар клубы қоғамдық бірлестігі президент сайлауын өткізу бастамасын қолдап, үндеу жариялады

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2015
  • 1261

«Дамыған 30 елдің қатарына кіру идеясын құптау мақсатында-барлық қазақстандықтарды Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысын қолдауға шақырамыз». Бүгін Бас редакторлар клубы қоғамдық бірлестігі - президент сайлауын өткізу бастамасына орай осындай үндеуін жариялады.

Бибігүл Жексенбай, Бас редакторлар клубының президенті:

Бұл бастама ел мүддесінен және халықаралық экономикалық жағдайдың тұрақсыздығынан туындап отыр. Президент сайлауын кезектен тыс өткізу қоғамды ауқымды мақсаттарға жету жолында ынтымаққа шақыра алады деп сенеміз. Алдағы уақытта мемлекеттік аппарат пен барша қазақстандықтардың күш-жігері экономикадағы дағдарыс тренді салдарын азайтуға бағытталуы тиіс.

Сауытбек Абдрахманов, «Егеменді Қазақстан» газеті, АҚ президенті:

Қазіргі әлемде қалыптасып отырған жағдай-біз  өзіміздің еліміз үшін тағдыршешті мәселені осы кезде, ерте жарықта шешіп, жасампаздық жолымызды жалғастыруға мүмкіндік алу керектігімізді  көрсетеді. Сондықтан да, бұл ұсынысты біз толығымен қолдаймыз.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА