Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазақфильм» киностудиясы сатылымға шығарылады

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2015
  • 1371

«Қазақфильм» киностудиясы биыл жекенің қолына өтуі мүмкін. Бұл туралы Алматыда жекешелендірудің екінші толқынын қорытындылаған жиында Қаржы министрлігінің басқарма басшысы Дәулет Шәгіров мәлімдеді. Басқосу барысында белгілі болғандай, «Қазақфильм» «Самұрық-Қазына» сатылымға шығарған нысандардың тізіміне енген. Бірақ нақты келісімшарттың қалай жасалатыны белгісіз. «Бұл нысан сенімді басқарылымға беріліп, кейін жекенің қолына өтеді ме, әлде басқа жолмен сатылады ма, оны Мәдениет және спорт министрлігі шешеді», - деді ол.

Ұлттық әл-ауқат қорының шешімімен Алматыда тағы да бір мәдениет ошағы жекенің қолына өтуі мүмкін. Ол - «Республика сарайы». Кешеннің өзі тікелей сатылымға қойылмағанымен, оны басқаратын жауапкершілігі шектеулі серіктестік сатылмақ. Жалпы «Самұрық-Қазына» қоры 2015 жылы сатуға 17 активін шығаруды жоспарлап отыр. Оның ішінде «ҚазТрансГаз Аймақ», «Алатау жарық компаниясы», «Алматы электр станциялары», «АлматыЭнергоСбыт» сияқты ірі компаниялар және басқа кәсіпорындар бар. Десек те, «кейбір нысандар оларға сұраныстың жоқтығынан сатылымнан алынып тасталуы мүмкін», - дейді қор төрағасының орынбасары Елена Бахмұтова. 

Елена Бахмутова, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ төрағасының орынбасары:

Бізде нысандар неліктен дереу сатылмай, ұзақ процедуралардан өтеді? Бұның себебі сыртқы факторлардың әсері болуы мүмкін деген шешімге келдік. Сыртқы фактор - ол биыл нарықтың, іскерлік белсенділіктің өзгеруі. Қазақстаннан тыс жағдайлар да әсерін тигізіп жатыр. Сіздер білесіздер, елімізде дағдарысқа қарсы бағдарламалар жүзеге асуда. Осының барлығы жекешелендіру бағдарламасына кері әсерін тигізері анық. 

Берік ХАСЕНОВ