Алматыда шіркеулердің бірінде өрт шықты. Әл-Фараби даңғылының бойында
орналасқан ғибадат үйінде өрт тұтанған сәтте он шақты адам болған. Тілсіз жау
ғимараттың шатырынан басталғандықтан, олар сыртқа тез шығып үлгерген.
Оқиға
орнында 14 арнайы техника мен 70-ке жуық өрт сөндіруші жұмыс істеді. «Жалынның
алдын алмағанда, от көрші ғимараттарды да шарпуы мүмкін еді», - дейді
құтқарушылар. Өрт салдарынан ешкім зардап шекпеген. Қазір мамандар ұшқынның
қайдан шыққанын анықтауда.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ