Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда шіркеу отқа оранды

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2015
  • 956

Алматыда шіркеулердің бірінде өрт шықты. Әл-Фараби даңғылының бойында орналасқан ғибадат үйінде өрт тұтанған сәтте он шақты адам болған. Тілсіз жау ғимараттың шатырынан басталғандықтан, олар сыртқа тез шығып үлгерген.

Оқиға орнында 14 арнайы техника мен 70-ке жуық өрт сөндіруші жұмыс істеді. «Жалынның алдын алмағанда, от көрші ғимараттарды да шарпуы мүмкін еді», - дейді құтқарушылар. Өрт салдарынан ешкім зардап шекпеген. Қазір мамандар ұшқынның қайдан шыққанын анықтауда.  

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ