Британдық тыңшылар,
Ұлыбританияда жұмыс істейтін ресейлік арнайы қызмет мамандарының ізіне түсу
шараларын күшейтті. Бұл жайында елдің премьер-министрі Дэвид Кэморон айтты,-деп
жазады Times газеті.
Басылымның хабарлауынша, шенеунік қауіпсіздік
саласында қатаң тәртіп орнатуға бұйрық берген. Газет тілшілері, елдің
премьер-министрі Ресей барлаушыларына қатысты біраз өзгерістер болуы мүмкін
екенін бүгін ресми түрде жариялауы тиіс,- деп жазады.
Ресей арнайы
қызметіне бақылау күшейе түсетінің тағы бір дәлелі: Ұлыбритания арнайы қызметі өз
қатарына орыс тілін жетік білетін мамандар қабылдап жатқанын айтуға болады. Бұған
дейін Кэморон, Британия жағалауларындағы халықаралық әуе кеңістігіне
келіп-кетіп жүрген Ресей ұшақтарына
айтарлықтар көңіл бөлмейтіндерін айтқан еді.
Торғын ОСПАНБАЕВА