Астанада өткен
брифингте қауымдастық Президенті Бекболат Тілеухан - аймақтардан келген
хаттарды оқып берді. Президент сайлауының мерзімінен бұрын өтуіне қолдау
білдірген хаттар легі мың жарымнан асады.
Бекболат Тілеухан, ҚР
Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:
Кейінгі кезде
әлемде жүріп жатқан дағдарыс бар, әр түрлі саяси жағдайлар бар. Осыған
байланысты дер кезінде осы бастамаға елдің азаматы ретінде, еліміз ел болғалы
ұлттық рухымыз асқақтап келе жатқанын білесіздер. Осы істер жалғасын табуы үшін
де,
тұрақтылық үшін осы бастаманың маңыздылығына тоқталып отырған жағдайымыз бар.
Брифингте сөз
алғандар, соңғы 20 жылда ұлттық спорт түрлеріне мемлекет тарапынан үлкен
қолдаудың болғанын атап өтті. Мәселен, көкпар, аударыспақ, құсбегілік өнер
қолға алынған. Соңғы жылдары ұмытылып бара жатқан аңшылық дәстүр мен жамбы ату
да қайта жаңғырды. Ұлттық ойынға жастарды көптеп тартуға жағдай жасалған.
Әбілхан
Дауылбаев, көкпардан Кеңес Одағының 9 дүркін чемпионы:
Осы біздің кезімізде,
Союз кезінде жарысқа барғанда ешқандай дайындық болмайтын. Қазір облыстық чемпионат
болатын болса, соның өзіне 1 ай бұрын жинап, дайындалып, осының бәрі Елбасының арқасы
деймін.
Тоғжан АМАНАЛИЕВА