Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атағын қорғап қалған Геннадий Головкинге Президент құттықтау жеделхатын жолдады

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2015
  • 2278

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаев WBA, IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионын Мартин Мюрреймен жекпе-жектегі жеңіс қажырлы еңбек пен жоғары шеберліктің жемісі екенін айтқан.

«Қазақстандықтар сенің әрбір табысыңа қуанады. Келесі жекпе-жектерің де отандық спорттың мәртебесін асырып, бұдан да жоғары деңгейге көтеретініне, өскелең ұрпаққа үлгі боларына сенімдіміз», - делінген жеделхатта.

Соңында Елбасы қазақстандық боксшыға мықты денсаулық және жаңа жеңістер тіледі.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА