Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық энергетиктер президенттік сайлауды 2015 жылы өткізу бастамасын қолдайды

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2015
  • 1086

Қазақстандық энергетиктер президент сайлауын 2015 жылы өткізу бастамасын қолдайды. Бүгін құрамына мұнай және газ саласының, өзге де энергетикалық кешендердің 80 ірі субъектісі кіретін «Қазэнерджи» қауымдастығының мүшелері осындай пікірін білдірді. Энергетиктер президент сайлауын биыл өткізу «ел ішіндегі тұрақтылыққа оң әсер етеді» дегенді де баса айтты. 

Әсет Мағауов, «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры:

2015 жылы президент сайлауын өткізу Қазақстанға тұрақтылықты әрі қарай өркендеуді қамтамасыз ететініне және Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елі қатарына енуіне табысты фактор боларына сенеміз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ