Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылшаға қарсы вакцинациядан бас тартқандар саны артқан

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2015
  • 1173

Қарағанды және Маңғыстау облыстарында, қызылшаға қарсы екпе алған жасөспірімдердің ауруханадан бір-ақ шыққан оқиғаларынан соң, Атырау облысында аталған вакцинадан бас тарқандар саны артты.

Облыс орталағында да қызылшаға қарсы екпеден соң денсаулығы сыр бергендер бар. Жеті жасөспірім есінен танып, тұншығып, жедел жәрдеммен емдеу мекемесіне жеткізілген. Бұл жайында өңірдің бас педиатры Гүлфара Өмірбаева айтты.

Оның сөзіне сенсек, ауруханаға жеткізілгендердің бесеуі медициналық тексерістен соң, үйлеріне жіберілсе, екеуі облыстық ауруханаға жатқызылған. Бас педиатр бұл жағдайды вакцина егумен байланыстырмайды, оның пайымынша әлсіреген иммун
итет пен созылмалы аурудың асқынуы орын алған.


Айта кетейік, келеңсіз жайттардан соң, Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі иммундау процесі наурыздың екісіне дейін тоқтатылатынын хабарлаған-ды.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ