Русский Сайттың толық нұсқасы

Ел тарихында алғаш рет төлқұжат тәркіленді

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2015
  • 1185

«Француз билігі Сирияға сапарламақ болған алты азаматтың төлқұжатын алып қойды»,- деп хабарлайды Франс-Пресс басылымы. Онымен қоса, жеке бас куәлігін де алты ай мерзімге тәркілеген.

Ақпарат құралдары ел тарихында мұндай жағдай алғаш рет тіркеліп отырғанын жазады.
Француз билігі құжаттарын қайтарғанымен қайта тәркілеуге де құқылы екен. Еуропалық саясаткерлер аталған азаматтарға қандай шара қолданарын білмей дал.

Бұл жағдайға байланысты түсінік берген елдің премьер-министрі Мануэль Вальс
«құжат тәркілеу» бастамасы болашақта басқа да азаматтарға қолданылатынын айтты. Сондай-ақ, төлқұжат тәркілеу ісі - француздардың қарашада қабылданған терроризімге қарсы заңының бір бөлімінде көрсетіліпті.

Мақсат, ел азаматтарының Таяу Шығыс пен сондағы жиһадшыларға қосылмауының алдын алу үшін жасалған. Өйткені соңғы кезде Еуропа елдері мен АҚШ-тағы радикалды топ өкілдері Сирия мен Иракқа баруды үдеткен.

Соңғы деректерге сай, радикалды исламшылар қатарына қосылған француздықтар саны 1,4 мың адамға жетіпті.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ