Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ соты палестиналық қос ұйымды 650 млн доллар өтемақы төлеуге міндеттеді

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2015
  • 833

АҚШ федералды соты «Палестина ұлттық автономиясы» мен «Палестинаға бостандық» ұйымын Израильде террорлық шабуыл ұйымдастырғаны үшін 650 миллион доллар өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұл жөнінде New York Times газеті жазады.

Сот шешіміне сай палестиналық ұйымдар Израильмен арадағы келісімге қарамастан лаңкестерге қолдау көрсеткен. 2002-2004 жылдары жақын туыстары қаза болған он америкалық отбасы Құрама штаттар сотына арыз түсірді.

Ал Палестина тарапы сот шешіміне қарсы арызданбақ. Олар мұны Израильдің АҚШ сот жүйесін пайдаланып, саяси идеологиялық жоспарын іске асыру үшін істеген құйтырқылығы деп отыр.

Мөлдір ДЮСЕКИНА