Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосымша 20 миллиард теңге бөлінді

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2015
  • 901

Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосымша 20 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы журналистермен кездесуде Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов мәлімдеді. Айтуынша, қаржы үнемдеу мақсатындағы шаралар ауыл шаруашылығындағы ғылыми зерттеулер саласында орын алды.

Ол 4 миллиард теңгені құрап отыр. Сондай- ақ депутат Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығы нысандарын сауықтыру мәселесін көтергеніне тоқталды.
«Бүгінде осы мақсатта «Агро Бизнес 2020» бағдарламасы аясында 313 миллиард теңге жұмсалды.

Бұл 292 ауыл шаруашылық субъектілерін қаржылай сауықтыру үшін қаралып отыр. Алдағы уақытта саланы дамыту мақсатында қолдау қаржының мөлшерін 500 миллиард теңгеге дейін көбейту көзделіп отыр
», - деді депутат.

Қуаныш Айтаханов. ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Елбасының тікелей тапсырмасыменен ауыл шаруашылығының біздің экономикамыздағы шешуші рөліне байланысты, оның бағасының ешқашан төмендемейтіндігіне байланысты, халқымызға сапалы, арзан, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, артық өнімді терең өңдеу арқылы экспортқа шығарып, республикаға қаржы әкелу мәселесін шешу үшін, ауыл шаруашылығын барынша қолдау мәселесі көтеріліп отыр.

Жұрағат БАМАН