Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік үрмелі аспаптар оркестрі концерт берді

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2015
  • 3371

Астанадағы Ресей Ғылым мен мәдениет орталығында Мемлекеттік күзет қызметі президенттік үрмелі аспаптар оркестрінің концерті өтті. Шара Ресей елшілігінің бастамасы бойынша, Ресейдегі Отан қорғаушылар күніне арналды. 

Бұл концерт- екі ел арасындағы достықтың дәлелі. Әрі мереке қарсаңында қазақстандықтар атынан сыйлық болды,- дейді ұйымдастырушылар. Үрмелі аспаптар оркестрі ауқымды шығармашылық ұжым. 

Оркестрдің репертуары да аса бай. Кеште әскери әндер, сондай-ақ қазақ композиторларының туындылары орындалды. Әсіресе, «Қазақ елі», «Будапешт», секілді тамаша шығармаларды жиналғандар сүйсіне тыңдады. 

Талғат Бердіғұлов,  ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президент оркестрінің жетекшісі: 

Бүгін үрлемелі аспап оркестрі марш ойнайды, вальс ойнайды. Тек қана ондай емес, біз бүгін популярлық, классикалық, халық музыкаларын орындаймыз. 

Тоғжан АМАНАЛИЕВА