Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары жақын күндері Астанада
бас қосуы мүмкін. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның
Беларусьтегі елшісі Ерғали Бүленов Сыртқы істер министрі
Владимир Макеевпен кездесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас пен ТМД-ға,
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы әріптестік жайын сөз
еткен. Сондай-ақ дипломаттар үш ел басшылары кездесуінің күн тәртібін талқылады.
Еске салайық, Еуразиялық
экономикалық одақ шеңберінде алдағы мамырда Бурабайда одақтас мемлекеттер
премьер-министрлерінің кездесуі жоспарланған.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ