Русский Сайттың толық нұсқасы

Сарапшылардың 97 пайызы кезектен тыс президент сайлауының жоғары маңыздылығы бар деген ойда

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2015
  • 1637

Қазақстандық сарапшылардың 97 пайызы кезектен тыс президент сайлауын өткізудің маңызы зор деген ойда. Олар мұндай пікірді қоғамдық-саяси үдерістер бойынша сарапшылық-жобалық бюросы жүргізген сауалнама барысында білдірді. Сексенге жуық саясаттанушы мен социологтар, қоғамдық ұйымдар мен ақпарат құралдары өкілдері кезектен тыс президент сайлауының маңыздылығы туралы сұрақтарға жауап берген.

Сарапшылардың 95 пайызы сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасы дер кезінде жасалған қадам деген пікірде. 97 пайызы науқанның жоғары маңыздылығын атаған. 96 пайызы «саяси шара бар күшті экономиканы нығайтуға жұмсауға мүмкіндік береді» дегенді айтқан. Ал «Мерзімінен бұрын сайлау өткізуден не күтесіз?» деген сұраққа көпшілігі жаһандық экономикалық дағдарыстың әсерінен сырттан келетін қауіптерді жеңе білуге мүмкіндік береді деп жауап береді.

Сондай-ақ, бұл шара қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтып, алға қойған стратегиялық мақсаттар мен даму бағдарламаларын одан әрі жүзеге асыруға, елдің әлемдік экономикалық нарықтағы орнын нығайтуға және «Нұрлы жол» экономикалық саясатын тиімді жүзеге асыруға жағдай жасайтынын айтқан. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ