Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысында қызылшаға шалдыққандар саны 164-ке жетті

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2015
  • 942

Қызылшаға қарсы егіліп келген үнділік вакцина өзге препаратқа ауыстырылуы мүмкін. Бұл жөнінде бүгін арнайы баспасөз мәслихаты барысында Шығыс Қазақстан облысының бас дәрігері Вадим Овсянников мәлімдеді. 

Вадим Овсянников, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы:

Вацинаны ауыстырамыз. Ол бізге шетелден жеткізіледі. Отандық емес. Сондықтан кері реакция болуы мүмкін еді. Бір науқастың жағдайы нашарлады. Оны бақылауға алдық. Бірақ жағдайын тексере келе, вакцинаға қатысы жоғын анықтадық.

Шығыс Қазақстан облысында қызылша ауруына шалдыққандардың саны 164-ке жетті. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда, екі есе артық. Науқастардық барлығы қатаң бақылауға алынды. Зертханалық сараптамалардың қорытындысы бойынша вирус өзге аймақтардан келіп, жергілікті халық арасында тарап кеткен болуы ықтимал. Егілуге тиіс 60 мың адамның ішінде вакцина салынғандар саны 29 мың адам. 

Вадим Овсянников, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы:

Бұл індет емес. Біз аурудың ошағын түбірімен жоюға тырысып жатырмыз. Қолдан келгенше, қызылша шыққандарды анықтап, оларды емдеуге барымызды саламыз. Біздің өңірде вакцинаға қатысты асқыну байқалған емес. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА