Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстандағы Березовка ауылының тұрғындары балаларын шетел емханаларында емдетуді сұрайды

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2015
  • 1118

Батыс Қазақстандағы Березовка ауылының тұрғындары облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа хат тапсырды. Ауылдықтар өз хатында балаларын шетел емханаларында емдетуді сұраған. Тұрғындар арада үш ай өтсе де, жағдай өзгермегенін айтады. Оқушылар таңертең өздерін жайсыз сезінгесін, мектептегі сабақ екінші ауысымға көшкен. Бірақ басы айналып, құлағандар қатары азаяр емес. Ата-аналар перзенттеріміздің ауруы асқынып кетсе, мұның соңы қайғылы аяқтала ма деп қауіптенеді.

Қарлығаш Сапиева, Березовка ауылының тұрғыны:

Мұғалімдер деген қасында бәрі жылап жүреді, біздер қорқамыз дейді. Себебі кез келген уақытта біз бұл баладан айрылып қалуымыз мүмкін дейді. Сіз қасында болыңыз дейді, менің қалтамда қаражатым да таусылды. Осымен үш құлағанда, үш мәрте такси жалдап баруыма тура келеді. Қызым жылайды: мама, мен оянған кезде көз алдымда болшы, мен қорқамын. Басым деген ауырған кезде басым жарылып кететін сияқты болады, мен өліп қалам ба деп қорқамын, дейді.

Әкімге хатын аманаттаған тұрғындар облыстық денсаулық сақтау департаментінің өкілдерімен кездесіп, көмек сұрады. Бірақ кездесуге журналистер жіберілмеді. Ата-аналардың сөзіне сенсек, келесі аптада Астанадан арнайы мамандар келіп, барлық науқас балалардың жағдайын тексереді. 

Айман Жұмағазиева, Березовка ауылының тұрғыны:

Балаларды емдетуге қатысты жарытып ештеме айтпады. Бар болғаны Алматыға барып емделуді ұсынды. Бірақ осыған дейін Алматыға барғандардың өздері әлі бастарын көтере алар емес. 

Еркін КАРИН