Русский Сайттың толық нұсқасы

Рахат Әлиевтің туыстары елшіліктен көмек сұрап өтініш түсірмеген

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2015
  • 1172

Рахат Әлиевтің туыстары Қазақстанның Австриядағы елшілігінен қандай да бір көмек сұрап өтініш білдірмеген. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Сондай-ақ, құзырлы мекеменің баспасөз хатшысы Австрияның құқық қорғау органдары болған оқиғаның мән-жайын зерттеп жатқанын жеткізді. 

Нұржан Айтмаханов, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

Қазіргі таңда қайтыс болған азаматтың туыстары, соның ішінде жұбайы Шоразова, Қазақстан Республикасының елшілігіне қандай да бір көмек көрсету туралы өтініш білдірмеген. Сонымен қатар, Австрия Республикасының құзыретті органдары қазақстандық құқық қорғау органдарының Әлиевтің өліміне қатысты жағдайды жан-жақты және әділ тергеу жүргізуді талап етіп отырғаны, сонымен қатар, австриялық тарап қарсы болмаған жағдайда, тергеу жұмыстарына өздері де қатысуға ниетті екендігі туралы ресми түрде хабардар етілді. 

Еске салайық, Австрияның билік өкілдері кеше Қазақстан азаматы Рахат Әлиевтің Вена қаласының тергеу изоляторында өлгені туралы жәйтті растады. Сыртқы істер министрлігінің өкілі Қазақстанның Венадағы елшілігі қажетті консулдық әрекеттерді орындауға дайын екенін хабарлады.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ