Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін - Сәкен Сейфуллиннің атылған күні

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2015
  • 2626

Бүгін - Алаш арыстарының бірі Сәкен Сейфуллин атылған күн. Осы қаралы датаға орай, Астанадағы Сәкен Сейфуллин мұражайында ақынды еске алу кеші өтті. Жиынға қатысқан зиялы қауым өкілдері Сәкен туралы естеліктер айтып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин - шебер сөз зергері болған. Ол Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. «Қазақ үшін алысқан Алаш арысының көзі жетпеген азаттық таңына - оның сөзі жетті, рухы жетті», - десті жиналғандар. 

Несіпбек Айтұлы, Сәкен Сейфуллин мұражайының директоры, ақын:

1938 жылы 25 ақпанда КГБ-ның нақты документі бойынша, зерттеушілердің кітаптарындағы дәлелдер бойынша, Сәкеннің атылған күні - бүгін. Осы 25 ақпаннан бастап 13 наурызға дейін Алматыда 631 адам атылған. Бұл - ұлы қасірет, ұлы қайғы.

Асылгүл Рақымжанқызы, Сәкен Сейфуллиннің туысы:

Осы халықтың ұлы перзенті, ұлы тұлға Сәкен Сейфуллиннің өлеңдерінің, шығармаларының аты мәңгі өшпеуі - бұл заңдылық. Себебі ерлікке толы қайратты, жігерлі өлеңдері ұрпағымызға мәңгілік сақталады.

Еске алу кешінен жастар да шеттеп қалмады. Ақиық ақынның жырларын жатқа оқып, Сәкеннің сөзіне жазылған әндерді шырқады. Ал оқушылар «Сәкен - сұңқар» пьесасынан үзінді қойды.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ