Русский Сайттың толық нұсқасы

Жер асты суының деңгейі көтеріліп, тараздық тұрғындарды әбігерге салуда

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2015
  • 4656

Тараздың іргесіндегі Шалған Қарасу елді мекені тұрғындарынан маза қашты. Олар жер асты суының деңгейі көтерілгенін айтып дабыл қағуда. Мыңнан аса тұрғыны бар, елді-мекендегілер «қалада тұрып, қараусыз қалдық!» дейді.

Айтуларынша, аула арасында адамнан бұрын, автокөліктің де қозғалысы қиындаған. Тұрғындар билік басындағыларға бірнеше рет арызданғандарын, бірақ әкімшілік тарапынан әрекет болмағанын айтады.

Су басқаны соншалықты көлде, теңізде тұрып жатқан сияқтымын. Мінекей, қараңыз қалай ағып жатыр. Үй міне, жағасы міне. Ертең осы үйге кірсе не болады. Шеттей бала-шағам бар.

Міне, мына жерде мен осы су үшін 2 метр шұңқыр қаздырдым. Бұл да толып, бұдан да ешқандай шара пайда болып отырған жоқ. Міне, тіпті сыртқа шығып ағып жатыр. Басқа амалым жоқ, не істер екенімді өзім де білмей отырмын. Бар істегенім осы енді, тапқан амалым еді, бұдан да пайда жоқ.

Жіпсіген жерден су шығып, осындағы 500 шаңырақты әбігерге салып келеді. Айтуларынша бұл бірінші жыл емес, көктем мен күз басталғанда сумен айқасып келе жатқандарына 10 жылдан асқан.

Ал, Тараз қалалық әкімдігінің өкілдері бұл жағдайдан бейхабар болып шықты. Бүгін аталған елді-мекенге барған шенеуніктер арықты тазалау жұмыстарымен айналысатын мамандарды шақыртқан.

Енді бұл жұмыстарға Төтенше жағдай қызметінің мамандары да тартылмақ.

Шыңғыс Егембердиев, Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі:

Бұл жер асты сулары көтерілуі былтырғы жылы, алдыңғы жылдары байқалған жоқ болатын. Биылғы жылы осындай жер асты көтерілуіне байланысты, қазіргі таңда нақты қолға алынып, техника сол жерде жұмыс істеп жатыр. Бір аптаның көлемінде жұмыстар үздіксіз жүргізіліп, мәселе толық шешімін табады.

Данияр АЛИМКУЛОВ