Русский Сайттың толық нұсқасы

Германияда кедейлер көбейген

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2015
  • 1407

Германияда кедейлік деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті. Неміс халқының 15,5 пайызы, яғни 12 жарым млн адам кедей деп танылған. Бұл жайында елдің қайырымдылық ұйымдары қауымдастығына сілтеме жасай отырып, Вести агенттігі хабарлайды.

Олардың мәлімдеуінше, кедейліктің кебін киген азаматтардың 40 пайызы жалғызбастылар болса, қалғандары-жұмыссыздар. Олардың басым бөлігінің арнайы білімі жоқ. Қайырылымдылық қауымдастығы Германия үкіметін қандай да бір амал қолдануға үндеді.

Оның ішінде салық саясаты мен жәрдемақы жүйесін реформалауды талап етіп отыр. Ұйым мүшелері қалтасы жұқа азаматтарды анықтау барысында ортақ ережелерге сүйенген. Атап айтсақ, отбасының жалпы кірісі ел бойынша орташа табыстан 60 пайыздан төмен болса, олар кедей санатына жатқызылады.

А. КУРМАНКИН