Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда қызылшаға қарсы егіліп жатқан үнділік вакцина қосымша тексерістен өтуде

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2015
  • 1310

Қазақстанда қызылшаға қарсы егіліп жатқан үнділік вакцина қосымша тексерістен өтуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Айтуынша, облыстарда екпе жасау барысы жіті тексерілуде.

Сондай-ақ, бұл іспен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еліміздегі өкілдері, ұлттық сараптама және санитарлық-эпидемиялогиялық орталықтар айналысуда. Сараптама жұмыстарының қорытындысы 2 наурызға қарай белгілі болмақ.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

Ұлттық экспертиза орталығы тұр, соған жібердік тексеруге. Екіншіден мынау Ақтауға, Маңғыстау облысына, Көкшетауға және Оңтүстік Қазақстан облыстарына бригадамызды жібердік. Олар сол жерде жұмыс істеп жатыр. Және де біз ВОЗ-дың қызметкерлерін де шақырдық. Олар да жұмыс істеп жатыр. Үшінші мәселе жергілікті жерлердегі медициналық орталықтарда екпеден өтетін шарттардың орындалуы қалай болып жатыр, сол үш жақта жұмыс істеп жатырмыз.

Жұрағат БАМАН