Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та «Ислам мемлекеті» тобына қолдау білдірді деген айыппен Орта Азиядан шыққан 3 азамат қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2015
  • 1254

АҚШ-та «Ислам мемлекеті» тобына қолдау білдірді деген айыппен Орта Азиядан шыққан 3 азамат қамауға алынды. Рейтерс агенттігінің жазуынша, олардың екеуі Өзбекстанның, ал біреуі Қазақстанның азаматы.

Федералды тергеу бюросы, оларды тексеру жұмыстары өткен жылдың тамыз айынан басталған, - деп хабарлады. 19 жастағы қазақстандық Кеннеди атындағы халықаралық әуежайда ұсталған.

Ол Түркия арқылы Сирияға барып, Ислам мемлекеті тобының әскерилеріне қосылмақ болған. Ал, оның Ташкенттен келген екі сыбайласы Сирияға кейінірек аттануды жоспарлады. Рейтерс ұсталғандардың бірі аталмыш топтың өтінішімен - АҚШ Президенті Обаманы өлтіруге уәде бергенін жазады.

Айта кетейік, Еліміздің Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайдан хабардар. Әзірге белгілісі, ол азамат Нью-Йорктегі бас консулдықта тіркелмеген.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА