Арменияның Гюмри қаласында өлтірілген Аветисян отбасының
туыстары ауқымды наразылық акцияларын жасаймыз, - деп сес көрсетті. Олар елдің бас
прокуроры Геворг Костанянмен кездестіруді талап етуде.
Зардап шегуші тараптың
тергеу амалдарының жүргізілу барысына көңілі толмайды. Сондай-ақ, олар іс
Арменияның құқық қорғау органдарына тапсырылсын деп отыр. Бұл туралы марқұмдардың туыстары мәлімдеді,-деп
жазады «Коммерсант».
Жақын күндері
тексеру жұмыстары алға жылжымаса, наразылық акциясын бастауға олар бел буып
отыр. Еске салайық, қаңтардың 12-сінде Гюмриде ресейлік сарбаз Валерий
Пермяков, әскери автоматпен шығып кетіп, жеке үйдегі бір отбасының 6 адамын қырып
кеткен еді.
Ертесіне
ол қолға түсіп, тергеу барысында қылмысын мойындады.
Тоғжан АМАНАЛИЕВА