Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттік дәрігерлер Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауға қатысқанын қалайды

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2015
  • 1183

Шымкенттік дәрігерлер 26 сәуірде өтетін кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың өз кандидатурасын ұсынғанын қалайды.

22 жылдық еңбек өтілі бар дәрігер-невропатолог Махаббат Омышева - Мемлекет басшысының саясатын қолдаушылардың бірі. Экономиканың өркендеп, денсаулық сақтау саласының көші түзеліп келе жатқаны - Елбасы саясатының жемісі, деп біледі. Дәрігердің алдына күніне елуге жуық науқас келеді. Соларға сапалы ем тағайындап, дертінен айығуына септесіп жүрген маман саясатқа да бей-жай қарамайтынын айтады. Елдегі тыныштық - тікелей Президентіміздің дұрыс саясатының нәтижесі. Сондықтан «әлемді шарпыған дағдарыстан қиындықсыз өтуде көшбасшыны адаспай таңдау - азаматтық парызым»,- деп санайды Махаббат Омышева.

Махаббат Омышева, дәрігер-невропатолог:

Президенттік сайлауда біздің Елбасымыз Назарбаев қатысады ма, қатыспайды ма - әлі белгісіз. Бірақ Елбасымыздың сол сайлауда қатысуын біз қалаймыз. Біз сол кісі болуын тілейміз. Халқы ол кісімен бірге болады. Өйткені мынау біздің елімізді талай қиыншылықтардан бұл кісі алып шығып жатыр. Сол кісінің арқасында деп ойлаймыз. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ