Русский Сайттың толық нұсқасы

Астаналықтар жылжымайтын мүліктерін заңдастыруға асықпай отыр

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2015
  • 1115

Астаналықтар жылжымайтын мүліктері мен қаржыларын заңдастыруға асықпай отыр. Өткен жылдың бірінші қыркүйегінен басталған шара аясында жалпы құны 16 млрд теңге болатын 1474 өтініш тіркелді. Олардың көбі тұрғын үй- жайлар бойынша түскен. Қала билігі халықты жылжымайтын мүлік пен қаржыны жариялап, заңдастыруға үндеді.

Айта кетерлігі, заңсыз иемденген тұрғын үйлер, жер телімдері және нысандар - заңдастырылмайды. Азаматтардың Қазақстандағы ғана емес, шетелдердегі жылжымайтын мүлкі де заңдастырылуы тиіс.

Әлихан Қуатбеков, Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мүлікті жариялау науқанын өткізу жөніндегі комиссия төрағасы:

Кез келген нысанды заңдастыру үшін, ол жер міндетті түрде жеке меншікте болу керек. Және мақсатты пайдалануға сәйкес болу керек. Осы негізгі екі қағидасы бар. Соған сай кез келген нысанды заңдастыруға мүмкіндіктері бар тұрғындардың.

Қаржыны заңдастыру бойынша ешқандай шектеу жоқ. Қанша ақшаңызды тіркетемін десеңіз, өз еркіңіз. Қаражат екінші деңгейлі банктің депозитінде 5 жыл бойы жатуы тиіс және оған тиісті пайыздық үстемақы қосылып тұрады.

Руслан Досаев, «Астана қаласының қаржы басқармасы» ММ басшысы:

Қаржысын заңдастырғысы келген адам екінші деңгейлі банккен немесе «Қазпошта» бөлімшесінен есепшот ашады. Өтініш жазып, ақшасын сонда аударады. Қаржы ол жерде 60 ай бойы жатуы тиіс. Ақшаны мерзімінен бұрын алып жаратқысы келген адам,10 пайыздық алымды төлеуі керек. Егер он пайызды төлегісі келмесе, қаржысын жекешелендірудің екінші толқынына жұмсасын. Яғни қор нарығына қатысып, «Самұрық-Қазына» қоры активтерін, өзге де акцияларды сатып алуына болады. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ