Мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауы қазақстандықтар арасында қызу
талқылануда. Көп ұлтты Қазақстан жұрты Елбасының шешімін бірауыздан қолдап
жатыр. Азаматтар науқанға тап бүгіннен қатысуға әзір екендіктерін айтады.
Гамит Нефталиев, зейнеткер:
Ұлтым әзірбайжан болса да, мұнда ұзақ жыл тұрып келемін. Кішкентай немерем
айтады: «Ешкімді мойындамаймын, менің жалғыз ғана президентім бар, ол -
Назарбаев». Біз Қазақстанда тыныш өмір сүріп жатырмыз. Тамағымыз - тоқ,
киіміміз - көк. Одан артық не керек?
Абзал ҚҰРМАНКИН