Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс қазақстандық заңгерлер президент сайлауын өткізу дұрыс шешім деп санайды

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2015
  • 1120

Батыс қазақстандық заңгерлер президент сайлауын биыл өткізу дұрыс шешім деп санайды. Өйткені қазір жағдай құбылмалы. «Сыртқы саяси жағдайлар мен қаржылық дағдарыс қос бүйірден қысқан кезде, халық өз тағдырын лайықты тұлғаға сеніп тапсырғаны дұрыс», - дейді. Сондықтан елді тығырықтан алып шығар мемлекет басшысының кім боларын - қазір анықтау керек. «Осы себепті де сайлаудың маңыздылығына мән берген жөн», - дейді заңгерлер. 

Павел Кочетков, заңгер:

Сайлау өткізу - өте дұрыс нәрсе. Ал қазіргі президентке лайықты қарсылас жоқ. Тіпті осыған дейінгі сайлауларда өзге үміткерлердің жинаған даусы 3 пайыздан аспады. Сондықтан ел таңдауының Елбасыға түсеріне сенемін. 

Еркін КАРИН