Русский Сайттың толық нұсқасы

Н. Назарбаев:«Қазақстанда индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруда білікті инженер мамандар қажет»

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2015
  • 1596

Қазақстанда индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруда білікті инженер мамандар қажет. Президент Нұрсұлтан Назарбаев, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Әділовті қабылдап, осы мәселені шегелеп айтты.

Мемлекет басшысы, аталған оқу орнын техникалық зерттеу университетіне айналдырудағы мақсат та осы болғанын еске салды. Ал, Жексенбек Әділов - Алматыда ресурс үнемдеу саласындағы инновациялық кластер құру барысы туралы баяндады.

Сондай-ақ, техника мен технология, геология және тау-кен металлургия салалардағы инновациялық жобалар туралы айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Президент- инженерлік білім беруді дамыту саласына қатысты бірқатар міндеттер қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Университетке алдына үлкен мақсаттар қойып жатырмыз, ғылыми зерттеу техникалық университетін айналдыру үшін. Индустриялық бағдарламаны орындау барысында бізге кадрлар жетпейді. Инженерлер керек. Техникалық жоғары оқу орындарының алдына қоятын мақсат өте көп. Біздің унисертитетті бітіріп шыққан жастар ғылымға бармайды көпшілігі. 700 жаңадан өндіріс орнын аштық 5 жылдың ішінде. Биылдың өзінде 75 ашылайын деп отыр. Оларда инженерлер болмаса кімдер жұмыс істейді.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА