Русский Сайттың толық нұсқасы

Саяси партиялар сайлау өткізу туралы шешімді бір ауыздан қолдап отыр

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2015
  • 1996

Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы қабылданған шешімді, елдегі партиялар бір ауыздан қолдап отыр. «Бірлік», «Ақ жол», «Қазақстан коммунистік халық партиясы» және «Қазақстанның Патриоттар партиясы» жетекшілері  «Президент сайлауын биыл өткізу мемлекет қолға алған бағдарламаларды уақтылы орындау үшін маңызды. Ал, Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тұрғындарының тілегін қабыл алып, сайлау өткізуге келісім беруі  тарихи оқиға», - дегенді айтты. 


Жамбыл Ахметбеков, ҚКХП хатшысы:

Мемлекет басшысының Президенттің кезектен тыс сайлау өткізу туралы жарлығы өте өзекті және уақыт талабынан туындаған деп есептейміз. ҚКХП бұл шешімді толықтай қолдайды. Еліміздегі ең маңызды сайлау науқанын алдын-ала өткізіп алған соң, Қазақстан бар күш-жігерін әлеуметтік-экономикалық саладағы түйінді мәселелердің шешілуіне бағыттауға мүмкіндік алады.

Серік Сұлтанғали, «Бірлік» саяси партиясының төрағасы:

Елбасының қабылдаған шешімі өте маңызды, өте уақытылы деп ойлаймын. Өз тыныштығымызды сақтап қалу, өзіміздің жаңадан аяққа тұрып келе жатқан жолымыздан тайып кетпеу, сол себептен өте маңызды. Сондықтан, мына біздің «Бірлік» саяси партиясы қолдайды бұл шешімді.

Тоғжан ОСПАНБАЕВА