Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандылық ТЖ мамандары қардың қалың түсуінен қауіп жоғары екенін айтты

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2015
  • 1090

Қарағандылық құтқарушылар көктемгі су тасқынына дайындықты бастап кетті. Жергілікті төтенше жағдай бөлімдерінің құрал-жабдықтары тексеріліп, мал-жанды басқа жерге көшіру жоспарлары жасалуда.

Биыл аймаққа қар қалың түскен. Төтенше жағдайлар қызметкерлері осыдан қауіптенеді. Құзырлы орын мамандарының дерегінше, жағдай әсіресе, Қарағанды облысының солтүстік өңірлерінде күрделі.

Аймақтың Төтенше жағдайлар департаменті осы өңірдегі 49 су қоймасын тексерген. Бөгеттерді дер кезінде қарауға алмаса, жүзге жуық елді мекенді су шайып кетуі мүмкін. Олар-Қоянды, Қойбас, Ақпан, Көксу, Есенкелді, Гагарин секілді ауылдар.

Тексеру барысында, қардың қалыпты мөлшерден 200 пайызға артық түскені анықталған. Сондықтан облыста құтқарушылардың арнайы бақылау штабы құрылды.

Мұрат Қатпанов, Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары:

Көкпекті үлкен сабақ болды, бізге. Звезда ауылында да сондай жағдай болған. Ондай оқиғалар көп. Наурызға дейін біз барлық су қоймаларды тексереміз. Хабарландыру құралдарын түгендеп, эвакуациялау, төтенше жағдайларды жою жоспарларын құрамыз.

Айжан ҚУАШ