Русский Сайттың толық нұсқасы

Эстонияда өткен парламент сайлауында ресейшіл «Реформашылар» партиясы 28 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2015
  • 1214

Эстонияда өткен парламент сайлауында ресейшіл «Реформашылар» партиясы 28 пайыз дауыс жинап жеңіске жетті. Сайлау комиссиясының  хабарлауынша, «партия өкілдері заң шығарушы органның 30 пайызын иеленген.

Екінші орынға центристік партия орналасты. Олар 25 пайыз дауыспен 27 орын иеленді
». Эстония саясаткерлері «оңшыл-либералдық реформашылар» партиясы «әлеуметтік демократиялық» партиямен және «отандық республикалық» кеңеспен бірігіп, басқарушы коалицияға айналатынын болжап отыр.

Сайлауда халықтың 64 пайызға жуығы дауыс берді.
«Реформашылар» партиясының төрағасы, премьер-министр Таави Рыйвас өз жақтаушыларын жеңіспен құттықтады. 

Біздің партияға қолдау көрсеткен дауыс берушілерге алғысым шексіз. Эстония тек алға жылжу керек. Біздің мемлекет экономика саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Сондықтан біз одақтастарымызбен сұхбатқа дайынбыз. Осы жолдан таймауымыз қажет.

Самат ҚАНАҒАТОВ