Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Корея Жапон теңізіне бағыттап екі баллистикалық зымыран ұшырды

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2015
  • 1185

Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Солтүстік Корея Жапон теңізіне бағыттап екі баллистикалық зымыран ұшырды. 500 шақырымды бағындыратын зымырандар Солтүстік Кореяның батысында орналасқан Нампо қаласы маңынан әуеге көтерілген.

Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің штаб басшысы бұл әрекетті
«арандату қадамы» деп айыптады. Байқаушылардың ақпаратына сәйкес, Пхеньянның бұл қадамға баруы тегін емес. Дүйсенбі күні Оңтүстік Корея мен АҚШ әскери жаттығулар өткізді.

Солтүстік Корея ақпарат көздерінің хабарлауынша, дайындыққа Ұлыбритания, Франция, Австралия және Канаданың Қарулы күштері қатысқан. Аймақта жағдай ушығып тұр.
«Егер жаттығу жиындары барысында біздің аймаққа тіпті, бір оқ келіп құлайтын болса, біз міндетті түрде жауап береміз»,-деді Солтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі.

Самат ҚАНАҒАТОВ