Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда ұялы телефонға үйір шенеуніктер енді жиналысқа кірмейді

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2015
  • 1328

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ұялы телефонға үйір шенеуніктерді енді жиналысқа кіргізбейді. Бұл туралы ол Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен селекторлық жиналыстан кейін мәлімдеді.

Кәсіпкерлер мен оқу орындарының өкілдері және басқарма басшылары қатысқан бұл жиында дуалды оқыту жүйесін енгізу мәселелері қаралды. Бірақ шенеуніктер маңызды мәселені бірлесе талқылаудың орнына қол телефондарына телмірумен болды.

Осы көрініс ашуына тиген Нұрлан Ноғаев, түрлі бағдарламалардың орындалмауына, тапсырмалардың аяқасты қалуына дәл осындай салғырттықтың себеп екендігін жеткізіп, келесі жиналыста телефондарын тастап кетуді бұйырды.

Нұрлан Ноғаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

Жиналысты вице-премьердің өзі өткізуде, ол аздай қарсы алдарыңда әкім отыр. Байқап отырмын, екі сағат бойы телефоннан бас көтермедіңдер. Демек, өз жұмыстарыңызға осылай жауапсыз қарайсыздар. Ерігіп отырған ешкім жоқ. Бірақ келесі де мұндай жағдай қайталанбайтын болсын!

Еркін КАРИН