«Нұр Отан» партиясының Оңтүстік
Қазақстан облысы Ордабасы ауданындағы филиалы, партияның ХVI сьезі қарсаңында
облыстық конференцияға қатысатын делегаттарды анықтады. Конференцияға ауданнан
16 үміткер қатысады. Әріптестері олардың кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Орайы келгенде айта өтейік, Ордабасы ауданында партияның үш мыңнан астам мүшесі
бар.
72 жастағы Райбек Ескермес
Шымкентте өтетін партиялық конференцияға Ордабасы ауданынан баратын болды.
Бүгін оны партияластары бір ауыздан қолдады. Қария бүгінде Шұбар ауылдық
округіндегі «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының төрағасы қызметін абыроймен
атқарып келеді. Сондай-ақ, ардагерлер кеңесіне де төрағалық етеді. Ақсақал
«партия өзіне артқан сенімді ақтау міндетім» деп санайды.
Райбек Ескермес, «Нұр Отан» партиясы
ОҚОФ Шұбар ауылдық округі бастауыш партия ұйымының төрағасы:
Биылғы съезд бұрынғы съезге
қарағанда ерекше съезд деп есептеймін. Себебі бұндай келіп отқан съезд көп
мәселені қозғайын деп отыр. Сондықтан да бұл «Нұр Отан» партиясы мүшелеріне
сенім артылып отыр. Осы сенімді ақтау біздің міндетіміз деп білемін.
Дәл осындай миссия кәсіпкер Мұрат
Тағаевқа да жүктелді. Ол - өңірдегі құс фабрикасының жетекшісі. Кәсіпорын күрке
тауық етінен алпыс түрлі өнім шығарады, құс етінен бөлек шұжықтың да алуан түрі
дайындалады. Биыл жылдық өнім қуаттылығын 10 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап
отырған кәсіпорын, экспорт көлемін де ұлғайтуды көздеп отыр. Кәсіпкер
іскерлікпен қатар партияның Ордабасы аудандық филиалына төрағалық етеді.
Мұрат Тағаев, кәсіпкер, «Нұр Отан»
партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы:
Төрт жылдың ішінде біз үлкен
жетістікке жеткеніміз туралы айтуға болады. Бүгінгі күнге дейін әрдайым қолдауға
ие болып келе жатырмыз. Өндірісімізде 400-ден астам жергілікті ауыл азаматтары
қызмет етіп жатыр. Сондықтан біз осы әрдайым партияменен бірге партияның
қолдауын сезіне отырып, біз өндіріс көлемін де әрі қарай дамыта береміз деген
өзіміздің жоспарымыз бар.
Айта кетейік, бүгінде ел аумағында
«Нұр Отан» партиясының 5 600-дей бастауыш ұйымы бар. 11 наурызда Астанада
өтетін ХVI кезекті съезге күнгейден жүзге жуық делегат барады деп күтілуде.
Жалпы еліміздің әр өңірінен 1 200 делегат қатыспақ.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ