Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейден тасымалданатын мұнай өнімдері шектеледі

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2015
  • 1246

Қазақстан Ресей жанар-жағармайы импортына 5 наурыздан бастап шектеу енгізеді. Уақытша тыйым 45 күнге созылмақ. Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев «Қазақстан мен Ресей арасында мұнай өнімдері импортының инидикативті тепе-теңдік келісімі жасалатындығы» жөнінде мәлімдеді, - деп, Интерфакс хабарлады. 

Биыл Қазақстан Ресейден 1 млн 100 мың тонна бензин және 760 мың тонна дизельді отын алуға ниетті. «Ал өткен 2 ай ішінде алдағы 45 күнге жетерлік отын алынды. Шектеу мерзімі аяқталған соң, тасымалдау қайта жанданады» - деді Мырзағалиев. Ол сондай-ақ, уақытша шектеу ел ішінде баға тұрақсыздығын тудырмайды, деп сендірді. Энергетика және Ұлттық экономика министрліктерінің АИ-92 бензині мен дизельді отынға бекіткен бағасы - литріне 99 теңге. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ