Русский Сайттың толық нұсқасы

Биылғы президент сайлауы елдің қарқынды дамуына тың серпін береді – британдық белгілі жазушының пікірі осылай

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2015
  • 1295

Биылғы  сәуірде өтетін президент сайлауы  елдің  қарқынды дамуына тың серпін береді.  Британдық белгілі жазушы, журналист  және шығыстанушы Ник Филдингтің пікірі осындай. Оның айтуынша, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген экономикалық  жетістіктері халықаралық аренада елдің маңызды рөлге ие болып,  көптеген  ғаламдық үдерістердің белсенді қатысушысы болуына ықпал етті.

Сондықтан, Қазақстандағы саяси және әлеуметтік  тұрақтылық әлемнің барлық елдері үшін аса маңызды.  Ал  алдағы президент сайлауы  ел дамуының жаңа дәуіріне жасалған алғашқы қадам болып табылады, - деп санайды сарапшы.

Ник Филдинг, Британиялық жазушы:

Қазақстан дербес мемлекет ретінде  өзін көрсете алды және  қарқынды дамуын жалғастырып келеді. Сондықтан мен сайлау өткізу туралы шешім қабылдаған президентті жақсы түсінемін.  Мемлекет алдында тұрған маңызды мақсаттарды жүзеге асыру үшін халық пен биліктің бірлігі ауадай қажет.

Мөлдір ДЮСЕКИНА