Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент сайлауын биыл өткізу туралы шешімді неміс сарапшылары да қолдайды

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2015
  • 992

Нұрсұлтан Назарбаевтың президент сайлауын биыл өткізу туралы шешімін неміс сарапшылары да қолдайды. Олар сайлау өткізу шағын-орта  бизнеске де оң ықпал етеді деген сенімде. Қазақстан мен Германия арасындағы екі жақты қарым-қатынасқа, экспорт пен импорт көлемін ұлғайтуға серпін  бермек.

Райнер Линднер, Германия экономикасы Шығыс комитетінің атқарушы директоры:

Германия үшін Қазақстанмен қазіргі уақытта қалыптасқан  экономикалық қарым-қатынастың биік деңгейін сақтап қалу аса маңызды. Біздің алдымызда шикізаттық және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісім-шарт пен  Астанада өтетін ЭКСПО-2017  көрмесі аясында  бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыру міндеті тұр. Осындай маңызды жоспарларды жүзеге асыру үшін белсенді еңбек етуіміз керек.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА