Русский Сайттың толық нұсқасы

Донецк және Луганск облыстарындағы 10 «қауіпті нүктеге» ЕҚЫҰ-ның байқаушылары жіберіледі

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2015
  • 1152

Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылары Донецк және Луганск облыстарындағы 10 «қауіпті нүктеге»  жіберіледі. Ол аумақтарда ұрысты тоқтату туралы талап орындалмай отыр.

Бұл жөнінде Франция, Украина, Ресей президенттері мен Германия канцлері арасындағы телефон әңгімелесулерінен соң белгілі болдыРИА Новостидің хабарлауынша, тараптар осылайша Киевтің ЕҚЫҰ-ның байқаушыларын орналастыру ұсынысын қолдады.

Аумақтар ахуалы туралы мәліметтер, Норманд төрттігіне кіретін елдердің сыртқы ведомство басқармаларына жеткізіліп тұрады. Саясаткерлер сондай ақ, Донбасқа халықаралық көмек беру жайын да талқылады. Еуропалық одақ, Дания және Ұлыбритания бұл мақсатқа 40 млн доллардай қаржы бөлуге әзір.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА