Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында ірі жол көлік апатынан 6 адам қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2015
  • 1485

Қарағанды облысында ірі жол көлік апатынан 6 адам қаза тапты. Арасында үш жасар бала да бар. Оқыс оқиға кеше кешкісін орын алды, - деп хабарлайды Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғанда, Балқаш - Қарағанды тас жолы бойында
«Камаз» көлігі мен жолаушылар мінген бағыттық автобус қақтығысқан. Алдын-ала болжам бойынша, қоғамдық көлік жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Салд
арынан жүк көлігінің жүргізушісі мен қасындағы жолаушы қаза тапты. Автобуста барлығы 15 адам болыпты. Бір ер адам, әйел және үш жасар бала қаза тапты, ал көлік жүргізуші ауруханада көз жұмды, - деп мәлімдеді облыстық баспасөз қызметінің өкілі.

Батырхан Смайылов, Қарағанды облысы бойынша ІІД Баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы:

Қарағанды-Балқаш тас жолының бойында, Ақшатау ауылынан 15 шақырым жерде «Камаз» бен автобус қақтығысқан. Қазір тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 345 бабы, 4 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА